Accessibility links

Египетте 600 шамалы полиция қызметтен босады


Египет шерушілері.
Египет шерушілері.
Египетте полицияның 600 шамалы жоғары дәрежелі қызметкері "тазарту" барысында қызметтен босады.

Сәрсенбі күні елдің ішкі істер министрі Мансұр әл-Исави осылай деп хабарлады.

Соңғы күндері Каирдың Тахрир алаңына шеруге шыққандар Хұсни Мүбәрәк кезіндегі полиция қызметкерлерін қызметтен босатуды талап еткен еді. Ақпан айында Мүбәрәкті қызметтен кетуге итермелеген билікке қарсы шеру барысында 900-дей адам қаза тапты. Шерушілер соған кінәлі полиция қызметкерлерін жазалауды да талап етті.

Египет телеарнасының хабарлауынша, қызметтен босаған 37 офицерге шерушілерді өлтірді деген айып тағылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG