Accessibility links

Минскіде наразылық білдіргендерді қамау жалғасып жатыр


Қарапайым киінген полицейлер наразылық білдіргендерді ұстап алды. Mинск. 13 шілде 2011 жыл.

Қарапайым киінген полицейлер наразылық білдіргендерді ұстап алды. Mинск. 13 шілде 2011 жыл.

Минскіде әлеуметтік желі арқылы билікке наразылық білдірген тағы да ондаған адам қамалды.

Сәрсенбі күні "Вясна" құқықорғау ұйымының хабарлауынша, бірнеше журналист тергеуге алынды.

"Ассошиэйтед Пресс" агенттігінің хабарлауынша, полиция акция басталмай жатып жиналғандарды ұстауға кіріскен.

"Вясна" ұйымы "Туиттер", "В контакте" және "Одноклассники" тәрізді әлеуметтік желілер де акция басталғанға дейін жабылып қалған. Өткен аптада да жүздеген адам қамауға алынды. 130-дай адам қысқа мерзімге түрмеге қамалып, кейбіріне айып салынды.
XS
SM
MD
LG