Accessibility links

Обама бюджет тапшылығын талқылады


Америка президенті Барак Обама.
Америка президенті Барак Обама.
Сәрсенбі күні Америка президенті Барак Обама конгресстегі республикалық партия өкілдерімен мәміле жүргізді. Онда бюджет тапшылығын төмендету мәселесі қарастырылды.

Бұл мәмілеге Moody’s рейтинг агенттігінің елдің 14,3 триллион долларлық қарыз лимиті өскені жарияланбаса, алдағы апталарда АҚШ-тың жоғары несие рейтингі төмендеуі мүмкін деген мәлімдемесі себеп болды.

Барак Обама заң шығарушыларды дефолтқа ұрынбау үшін келісімге шақырды. Бұл ретте республикалық партия ел бюджетін 2,4 триллионға қысқартуға шақырса, президент пен демократтар салықты өсіргенді жөн көреді.
XS
SM
MD
LG