Accessibility links

Сирия күштері жаңа рейд жүргізіп, 8 адамды өлтірген


Сирия картасы

Сирия картасы

Сириялық белсенділердің айтуынша, қауіпсіздік күштері соңғы тәулікте кемінде 8 адамды өлтіріп, ондаған адамды қамауға алған. Сирия президенті Башар әл-Асадтың үкіметіне қарсы шерушілерді басып-жаныштау науқаны жалғасып жатыр дейді белсенділер.

Сәрсенбі күні кешке Идлиб уәлаятындағы Жабал әл-Зауия ауданында жүргізілген рейд барысында кемінде 7 адам мерт болған.

Осыдан бір күн бұрын АҚШ президенті Барак Обама елде демократиялық реформаларды жүзеге асырмағаны үшін Асад "өз заңдылығын жоғалтты" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG