Accessibility links

Тәжікстан Би-Би-Си тілшісін кепілдікке босатты


Би-Би-Си тілшісі Орынбай Усмонов
Би-Би-Си тілшісі Орынбай Усмонов
Тәжікстанда өткен айда тұтқындалған Би-Би-Си тілшісі Орынбай Усмонов кепілдікке босатылды. Бұл туралы бүгін елдің бас прокуратурасы мәлімдеді.

Тәжікстанда тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» ұйымына мүше болды деп айыпталған Усмонов маусымның 13-інде қамауға алынған болатын.

Нью-Йорктегі Журналистерді қорғау комитеті Усмоновтың қамауға алынғанын айыптап, оған араша сұраған.

Би-Би-Си басшылығы Усмоновтың «Хизб ут-тахрир» туралы хабар дайындау барысында ұсталғанын айтқан еді.
XS
SM
MD
LG