Accessibility links

БҰҰ-да Қазақстандағы адам құқықтары талқыланып жатыр


БҰҰ-ның адам құқықтары кеңесінің логосы

БҰҰ-ның адам құқықтары кеңесінің логосы

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстанға қатысты сессиясын бастады.

Женевада Қазақстанның әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов елдегі адам құқықтарына қатысты үкіметтің есебін оқыды. Үкіметтік емес ұйымдар да бұл мәселеге қатысты өз баяндамасын әзірлеген.

Адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссардың кеңсесінің мәліметінше, жұма күні де халықаралық тәуелсіз сарапшылар Қазақстандағы адам құқықтары ахуалын талқылайды. Оны онлайн-режимде көруге болады.

Адам құқықтарына қатысты негізгі халықаралық келісім - азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге мүше 167 елдің арасында Қазақстан да бар.
XS
SM
MD
LG