Accessibility links

Әкелі-балалы Мердок медиа-жанжал үшін парламентке жауап береді


News Corporation иесі Рупет Мердок.
News Corporation иесі Рупет Мердок.

Британияда News Corporation корпорациясының иегерлері Руперт және Джеймс Мердок келесі сейсенбіде парламент комиссиясы мүшелерінің алдында жауап беруге келісті. Бұл комиссия News of the World газеті журналистерінің телефон тыңдаған әрекетін тексереді.

Би-би-сидің хабарлауынша, әкелі-балалы Мердоктар әуелде парламент алдында жауап беруден бас тартқан. Алайда бұқаралық ақпарат құралдары бойынша өкілдер палатасы оларды шақырту жөніндегі мәселені күн тәртібіне қойған соң Мердоктар келісім берді.

Ал бейсенбі күні News of the World газетінің бұрынғы атқарушы редакторы Нил Уоллис қамалды. Ол заңсыз телефон тыңдау мәселесіне қатысты айыпталып отыр.

XS
SM
MD
LG