Accessibility links

"Булгария" кемесінде танылған мәйіттер 112-ге жетті


Апатқа ұшыраған "Булгария" кемесінде танылған мәйіттердің саны 112-ге жетті.

Татарстан сот-медициналық тексеру бюросы осылай деп хабарлады. Соңғы есеп бойынша 113 адамның қазасы расталды. Оның 27-сі - бала. 79 адам құтқарылды. 16 адам - хабар-ошарсыз кеткендер сапында. Олар іздестіріліп жатыр. Шілденің 10-ында батқан кеменің маңында сүңгуірлер жұмысы жалғасып отыр.

Ресей премьер-министрі Владимир Путин Қазанға барған кезінде алдағы аптада зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстары өтемақы алуы керегін айтты. Ол "кінәлілерді жауапқа тарту керек" деді.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG