Accessibility links

АҚШ-та қарыз лимитін өсіру жөніндегі мәміле жалғасып жатыр


Америка президенті мен конгресс арасындағы мемлекеттік қарыз лимитін өсіру жөніндегі мәміле бесінші күні нәтижесіз аяқталды.

Өкілдер палатасында басым орынға ие республикалық партия өкілдері лимитті өсіруге келіспей отыр. Олар алдағы жылы бюджет тапшылығын мемлекеттік шығын есебінен төмендету керек дейді.

Мәмілеге қатысушылардың айтуынша, президент Барак Обама бұл мәселені келісімге қол жеткенше демалыс күндері де талқылауды ұсынған.

Егер 2 тамызға дейін мемлекеттік қарыз лимитін өсіру жөнінде шешім қабылданбаса, АҚШ техникалық дефолтқа ұшырауы мүмкін.
XS
SM
MD
LG