Accessibility links

Әзербайжан жасөспірімнің өлімі үшін Арменияны айыптады


Армения мен Әзербайжан тулары

Армения мен Әзербайжан тулары

Әзербайжан 13 жасар қыздың өліміне байланысты Арменияны айыптады.

Бейсенбі күні әлгі қыз Армениядан ағып келетін өзеннен тауып алған ойыншықтың жарылысынан қаза болған еді. Бұл оқиға Әзербайжанның батысындағы Товуз аймағындағы ауылда болды.

Әзербайжан президенті әкімшілігінің ресми өкілі Әли Хасановтың айтуынша, жарылыс Арменияның шекаралық аймақтағы қарапайым халыққа қарсы "арандатушылық әрекеттерін жалғастырып жатқандығын" көрсеткен.

Әзербайжан мен Армения арасында Таулы Қарабах аймағына қатысты дау әлі шешілмеген. Бұл аймақты 1990 жылдары этникалық Армения күштері Бакуден тартып алған болатын.
XS
SM
MD
LG