Accessibility links

Халықаралық ұйымдар Жовтисті босатуға шақырды


Қазақстандағы Адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис

Қазақстандағы Адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис

Адам құқықтарын қорғаушы халықаралық ұйымдар Қазақстан билігін қоныстандыру колониясында жазасын өтеп жатқан адам құқығын қорғаушы белсенді Евгений Жовтисті босатуға шақырды.

«Амнести Интернэшнл» мен «Хьюман Райтс Уотч» және тағы басқа ұйымдар осы жөніндегі мәлімдемесін бүгін жариялады.

«Біз шартты түрде мерзімінен босату жөніндегі комиссия Жовтистің мәселесін мұқият қарап шығып, оны босатады деп үміттенеміз», - делінген аталмыш ұйымдардың бірлескен мәлімдемесінде.

Колонияның шартты түрде мерзімінен бұрын азат ету бойынша комиссиясы Жовтистің мәселесін шілденің 19-ында қарауы тиіс.

Қазақстандағы Адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис «жол жүру ережесін бұзып, кісі өліміне себепкер болды» деген айыппен 2009 жылдың 3 қыркүйегінде 4 жылға бас бостандығынан айырылған.

Осы жылдың басында Өскемен түрмесінің әкімшілігі өкілдерінен құралған арнайы комиссия Жовтисті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені қарап, оны босатпау туралы шешім шығарған еді.
XS
SM
MD
LG