Accessibility links

Қазақстанда "кедендік іске" қатысты тұтқындаулар жалғасып жатыр


Қазақ-қытай шекарасынан өту үшін "Қорғас" кеденінде өз кезегін күтіп тұрған адамдар. Алматы облысы, 26 мамыр 2011 жыл.

Қазақ-қытай шекарасынан өту үшін "Қорғас" кеденінде өз кезегін күтіп тұрған адамдар. Алматы облысы, 26 мамыр 2011 жыл.

Қазақстан кеденіндегі контрабандаға қатысты тергеу аясында "ұйымдасқан қылмыстық топтың" 33 мүшесін тұтқындауға рұқсат етілді деп хабарлайды елдің қаржы полициясы.

Сенбі күні таратылған ақпаратқа сәйкес, «Қорғас» пен «Қалжат» кедендері арқылы экономикалық контрабандамен айналысты деп айыпталған "ұйымдасқан қылмыстық топтың" 33 белсенді мүшесін, олардың ішінде Бақыт Отарбаев пен Талғат Қайырбаевты қамауға алу туралы сот шешімі шыққан.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, маусымның 11-і күні «Қорғас» кеденіндегі контрабандаға қатысты күдіктілер Талғат Қайырбаев пен Бақыт Отарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланған болатын.

Мамыр айының басында Қазақстан қаржы полициясы лауазымды қызметкерлер мен қылмыс әлемінің өкілдерінен құрылған топтың әшкереленгені туралы мәлімдеген еді. Құқық орындарының деректері бойынша, 100 адамнан құралған топ ұзақ уақыт бойы «Қорғас» және «Қалжат» кедендері арқылы Қытайдан Қазақстанға контрабандалық тауарлар жеткізумен айналысқан.

Осы іс бойынша қаржы полициясы бірнеше лауазымды адамдарды тұтқындады. Сонымен бірге Қазақстан қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрібозов қызметінен алынды.
XS
SM
MD
LG