Accessibility links

Каддафи Ливия көтерілісшілерінің мойындалуын сынады


Муаммар Каддафи

Муаммар Каддафи

Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи көтерілісшілердің өтпелі ұлттық кеңесін Ливия халқының заңды өкілі деп мойындаған 40 ел мен халықаралық ұйымдардың әрекетін жоққа шығарды. Мемлекеттік телеарнадан берілген аудиотаспада Каддафи әлгі шешімді "ақымақтық" деп атаған.

Жұма күні Стамбулда кездескен "байланыс тобы" ливиялық көтерілісшілердің кеңесін халық өкілі және үкімет билігі деп мойындады. "Байланыс тобының" Түркияда жасаған соңғы мәлімдемесінде "Каддафи режимі өз заңдылығын жоғалтты" делінген.

Сөйтіп Ливия оппозициясының әлемдегі маңызды дипломатиялық мәртебесі мойындалды.
XS
SM
MD
LG