Accessibility links

Қытай Обама мен Далай Ламаның кездесуіне қарсы


Далай Лама мен Барак Обаманың Ақ үйдегі кездесуі. 18 ақпан 2010 жыл.

Далай Лама мен Барак Обаманың Ақ үйдегі кездесуі. 18 ақпан 2010 жыл.

Қытай АҚШ-ты президент Барак Обама мен Тибеттің қуғындағы рухани көсемі Далай Ламаның бүгінге жоспарланған кездесуін болдырмауға шақырды. Қытай сыртқы істер министрлігінің айтуынша, мұндай кездесу Қытайдың ішкі істеріне араласу деп есептеледі.

Ақ үйдің мәліметінше, сенбіге жоспарланған кездесу Тибеттің діни, мәдени және лингвистикалық ерекшеліктеріне және тибеттіктердің құқықтарының қорғалуына президенттің қолдау білдіруін көрсетеді.

Обама өзара келіспеушіліктерді шешу мақсатында Далай Лама өкілдері мен Қытай үкіметі арасындағы диалогты қолдайтынын атап көрсетпек.
XS
SM
MD
LG