Accessibility links

Клинтон қарызға батқан Грекияға барды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бүгін Грекияға барды. Ол экономикалық дағдарысқа ұшыраған еуропалық елге қолдау білдірмек. Афиныға екікүндік сапары барысында Клинтон Грекияның президентімен, сыртқы істер министрі және премьер-министрімен кездеседі.

Таяуда Грекияның заңшығарушылары ел экономикасын құтқаруға бағытталған қатаң шаралар туралы соңғы заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, 2015 жылға дейін 28,4 миллиард еуроны үнемдеу үшін жалақылар көлемі азайтылып, салықтар көтерілетін болады.

Халықаралық валюта қоры мен Еуропа Одағы экономикалық дағдарысқа ұшыраған Грекияға 110 миллиард еуро көлеміндегі несиенің соңғы бөлігін беру үшін бюджеттен 28 миллиард еуроны қысқарту жөніндегі заң жобасының мақұлдануын талап еткен еді.
XS
SM
MD
LG