Accessibility links

"Мүбәрәк инсульт алды" деген мәліметті дәрігерлер жоққа шығарды


Хұсни Мүбәрәк.

Хұсни Мүбәрәк.

Дәрігерлер "Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәк инсульт алып, ес-түссіз жатыр" деген мәліметті жоққа шығарды.

Дәрігер Ассем Аззам Мүбәрәктің қан қысымы төмендей бастағанына қарамастан, денсаулығы тәуір екенін айтты. Бұдан бұрын Мүбәрәктің адвокаты Фарид әд-Диб оның ес-түссіз жатқанын мәлімдеген еді.

Ақпан айында биліктен қуылған Хосни Мүбәрәк Шарм әш-Шейх қаласындағы ауруханада қамақта отыр. Жемқорлық және шерушілерге қатысты тергеуде оның жүрегі ұстап қалған екен.

Хосни Мүбәрәктің соты 3 тамызға белгіленген.
XS
SM
MD
LG