Accessibility links

Британ басылымының бұрынғы бас редакторы босады


Руперт Мердок (сол жақта) пен Ребека Брукс.

Руперт Мердок (сол жақта) пен Ребека Брукс.

Лондонда жабылған News of the World басылымының бұрынғы бас редакторы Ребека Брукс кепілге босады.

Ол шілденің 15-інде қызметттен кеткен болатын. Брукс басқаратын газет тілшілері полицияның телефондарын тыңдап, оларды сатып алды деген күдік бар. Ребека Брукс босардан бірнеше сағат бұрын Британия полициясының жоғары шенді комиссары Пол Стивенсон да қызметтен кетті. Оның Руперт Мердок басқаратын медиа-империямен байланысы жайында сөз тарай бастаған еді.

Мердок басқаратын News Сorporation компаниясының акциялары алты пайызға түсіп кетті. Бұл - соңғы екі жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
XS
SM
MD
LG