Accessibility links

Еуро аумағы елдері банктерге салық салмақ


Европа орталық банкінің алдындағы Еуро символы. Франкфурт, 6 тамыз 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Европа орталық банкінің алдындағы Еуро символы. Франкфурт, 6 тамыз 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Еуро аумағына енетін 17 ел Грекия экономикасын құтқаруға қаржы қосу үшін банктерге салық салмақ деп хабарлайды немістің "Ди Велт" күнделікті газеті.

Жаңа салық Грекияға тікелей инвестиция салмаған банктерге де қатысты болмақ. Құтқару жоспары бойынша банк секторындағы жеке инвесторлар да грек облигацияларын сатып ала алады.

Еуро аумағындағы елдер Грекиядағы дефолтты тоқтатып, дағдарыстың осы аумақтағы басқа елдерге жайылмауы үшін бейсенбі, 21 шілде күні Брюссельде шұғыл кездесу өткізбек.

"Ди Велт" газетінің хабарлауынша, Халықаралық қаржы қорындағы ықпалды адамдар бұл ұйымның Грекияны құтқару жөніндегі жаңа жоспарға қатысуына қарсы.
XS
SM
MD
LG