Accessibility links

Астана Рахат Әлиевке қатысты материалдарды Венаға беруге дайын


Рахат Әлиев. Вена, 2008 жыл.

Рахат Әлиев. Вена, 2008 жыл.

Қазақстан «Нұрбанк» топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновты өлтіруге қатысы бар деп Рахат Әлиевтің үстінен қозғалған тергеу материалдарын Австрияға беруге дайын деп мәлімдеді сырты істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.

«Австриан таймс» газетінің хабарлауынша, Австрия прокуратурасы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевке байланысты тексеру жұмыстарын бастады.

Қазақстан билігі Рахат Әлиевті билікті басып алуға дайындалды және қылмыстық топ ұйымдастырды деген айыппен сырттай 40 жылға соттаған. Вена соты Қазақстанның Әлиевті экстрадициялау туралы сұрауын екі рет кері қақты.
XS
SM
MD
LG