Accessibility links

Каддафидің өкілдері АҚШ өкілдерімен кездесті


Каддафидің өкілі Мұса Ибрагим.

Каддафидің өкілі Мұса Ибрагим.

Американың ресми өкілдері Ливия басшысы Муаммар Каддафидің өкілдерімен кездесті.

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті хабарлады. Онда Америка тарапы тағы да Каддафидің қызметтен кетуі жөн болатындығын жеткізгені айтылған. Ливия өкілі Мұса Ибрагим бұл кездесуді "қатынасты қалпына келтірудегі" маңызды қадам ретінде атады.

Ибрагимнің айтуына қарағанда, кездесу өткен сенбіде Тунисте болған. Ол көтерілісшілердің ел шығысындағы Брега мұнай портына бақылау орнаттық деген мәліметін жоққа шығарды.

Жұма күні Ливия бойынша халықаралық байланыс тобындағы 30-дан астам ел көтерілісшілердің уақытша ұлттық кеңесін Ливия халқының бірден бір заңды өкілі ретінде мойындаған еді. Алайда бұны дүйсенбі күні Ресей тарапы қатаң сынады.
XS
SM
MD
LG