Accessibility links

Австрия бұрынғы хорват премьерін экстрадициялады


Хорватияның бұрынғы премьер-министр Иво Санадер (оң жақта).
Хорватияның бұрынғы премьер-министр Иво Санадер (оң жақта).
Дүйсенбіде Австрия билігі Хорватияның бұрынғы премьер-министрі Иво Санадерді экстрадициялады. Ол өз елінде билікті жеке басына пайдаланды және жемқорлыққа барды деп айыпталды.

Словениямен шекарада хорват полициясына табыс етілген Санадер Загребтегі түрмеге әкетілді.

Ол өткен жылы Зальцбургте Хорватия берген халықаралық ордер бойынша ұсталған еді.

2003-2009 жылдары үкіметті басқарған Санадер өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG