Accessibility links

Иран уран байыту үшін жаңа центрифугалар орнатқанын айтты


Иран өзінің ядролық кешенінде уран байыту жұмыстарын сапалы әрі тезірек жүргізу үшін жаңа центрифугалар орнатып жатқанын мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Рамин Мехманпарастың бұл хабарламасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Тегеранның ядролық бағдарламасына қарсы 4-ші мәрте санкция салып отырғанына қарамастан айтылып отыр.

Маусым айында Иран өзінің уран байыту жұмыстарын 20 пайызға ұлғайтып, уран байытуды "Натанз" зауытынан "Фордо" зауытына ауыстыратынын айтқан.

Батыс елдері Иран ядролық қару жасап жатыр деп қауіптенеді, Тегеран оны жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG