Accessibility links

Германияға бармақшы болған ирандық блоггер тұтқындалды


Ирандық актриса, блоггер Пега Ахангарани.

Ирандық актриса, блоггер Пега Ахангарани.

Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлағандай, ирандық диссидент актриса, блоггер Германияға барайын деп жатқанда қамауға алынды.

Ол Deutsche Welle радиосына әйел футболшылардың әлемдік кубогі жайлы блог жазбақшы болған.

Жартылай ресми ИСНА ақпарат агенттігі сейсенбі күні Тегеранның прокуратурасына сілтеме жасап, 27 жастағы Пега Ахангарани өткен аптада ұсталғанын жазып отыр.

Бүгін Deutsche Welle Иран билігін блоггерді тез арада босатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG