Accessibility links

Балтық елдері Австрияның ресейлік күдіктіні босатқанына қарсылық білдірді

Литвалықтар іздеуде жүрген ресейлік Михаил Головатовтың суретін алып шықты. 18 шілде. 2011 жыл.s independence drive, Mikhail Golovatov, near the Austrian Embassy in the Lithuanian capital. Lithuania, 18Jul2011

Балтық елдері Литва, Латвия және Эстония Еуропа Одағының тағы бір мүшесі Австрияны 1991 жылы Литва тәуелсіздігін көздегендерді басып-жаншыған совет әскерінің жетекшісі Михаил Головатовты босатып жібергеніне наразылық танытты.

Дүйсенбі күні Литва соғыс қылмыстары бойынша айыпталып отырған Головатовтың босатылуына байланысты Венадағы елшісін қайтарып алды.

Михаил Головатов бастаған совет күштері 1991 жылы Вильнюс теледидар мұнарасына шабуылдағанда, 14 адам қаза тауып, жүздеген кісі жараланған. Егер ол Литвада сотқа тартылса, өмірлік түрме жазасын алуы мүмкін.

Балтық елдерінің сыртқы істер министрлері еуропалық әріптестеріне қайрылып, Головатовтың 24 сағаттың ішінде бостандыққа жіберілуіне қарсылық білдірген хат жолдады.

Австрия Литва дер кезінде Головатовқа қатысты мәлімет бермегендіктен, оны босатып жібергенін алға тартты.
XS
SM
MD
LG