Accessibility links

Ұлыбритания премьері парламентте жауап береді


Дэвид Кэмерон. Ұлыбритания премьер-министрі.

Дэвид Кэмерон. Ұлыбритания премьер-министрі.

Сәрсенбі күні Ұлыбритания парламентінде News of the World басылымы азаматтардың жеке өміріне заңсыз араласқаны үшін премьер-министр Дэвид Кэмерон жауап береді.

Премьер осыған байланысты Африкаға сапарын доғаруына тура келді. Парламент өкілдері Кэмероннан басылымның бұрынғы бас редакторы Энди Коулсонды неліктен өз баспасөз қызметінің жетекшісі етіп тағайындағанын сұрауы мүмкін.

Коулсон 2007 жылы король әулеті көмекшілеріне түскен дауыс поштасы ашылған жанжалдан кейін қызметтен кеткен еді.

Таяуда жабылған News of the World апталығының қызметкерлері төрт мың адамның телефондарын заңсыз тыңдаған.

Британ депутаттарының алдында бұдан бұрын News of the World басылымының құрылтайшысы News Corporation компаниясының иесі Руперт Мердок пен оның ұлы Джеймс, апталықтың бұрынғы бас редакторы әрі медиа компанияның еуропалық бөлімін басқаратын Ребека Брукс жауап берген еді.
XS
SM
MD
LG