Accessibility links

Қытай Шыңжаңда 14 адамның қаза тапқанын мойындады


Қытай сарбаздары. Үрімші. 16 шілде 2009 жыл.
Қытай сарбаздары. Үрімші. 16 шілде 2009 жыл.
Cәрсенбі күні Қытай билігі Шыңжаңда полиция бекетіне шабуылдаған 14 адамның қаза тапқандығын мойындады.

Қытайдың ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, қолдарына балта, пышақ және өртегіш сұйық құйылған шөлмек ұстағандар дүйсенбі күні полиция бекетіне шабуыл жасады. Олар "Алладан басқа құдай жоқ" деп айқайлаған. Адамдарды кепілге алған топ соңынан полиция бекетін өртеп жіберген.

Германиядағы "Ұйғырлардың әлемдік конгрессінің" сайты оқиғаның полицияның бейбіт шеруге шабуылына орай өрістегенін жазады. Шеруде полиция 20 адамды өлтіріп, 70 адамды қамауға алғаны хабарланды.

Екі жыл бұрын қытайлар мен ұйғырлар арасындағы қақтығыста 200-ден аса адам қаза тапқаны белгілі.
XS
SM
MD
LG