Accessibility links

Қазақстан президентіне Германияда операция жасалған


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 13 маусым. 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 13 маусым. 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қуық безіне операция жасалды деп хабарлады РИА новости ақпарат агенттігі германиялық Билд басылымына сілтеме жасап. Қазір президенттің жағдайы жақсы деп хабарланды.

71 жастағы президент Нұрсұлтан Назарбаев Гамбург-Эппендорф медициналық орталығының ауруханасына жатқызылғанын сейсенбі күні бұл германиялық басылым хабарлаған болатын.

Осыған дейін Ақорда мемлекет басшысының қысқа мерзімді демалыста екенін жазған болатын, бірақ оның ауруханаға жату жоспары туралы айтылмаған. Гамбург-Эппендорф емханасының өкілдері бұл жайтқа байланысты пікір білдіруден бас тартты.
XS
SM
MD
LG