Accessibility links

Талибан жетекшілерінің қаза тапқанын жоққа шығарды


Талибан қозғалысының рухани жетекшісі Мулла Омар.

Талибан қозғалысының рухани жетекшісі Мулла Омар.

Талибан қозғалысының өкілі жетекшілері Мулла Омардың қайтыс болғаны туралы ақпаратты теріске шығарды. Оның айтуынша, қозғалыстың телефондары арқылы жалған хабарламалар жолданған.

Талибан өкілдерінің бірі Забиулла Муджахед бұл жалған мәліметтің артында америкалық барлау қызмет тұр деп айыптап, оған қарсы кек қайтаратындарын айтты.

Талибан қозғалысы өкілдерінің телефондары арқылы "рухани жетекші Мулла Омар өмірден өтті, оның жаны жаннатта болсын" деген хабарлама тараған. Талибан өкілдері телефондарына хакерлік шабуыл болғанын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG