Accessibility links

Адамдардың іс-әрекетіне Жаратушының әсері


Қазақ блогшысы Қисық (Дінмұхамед Зиядин).

Қазақ блогшысы Қисық (Дінмұхамед Зиядин).

– Сіздің ойыңыз дұрыс-ақ, әріптес, бірақ «Құдай өлген жерде, адам еркін» деген сөзге айтар уәжіңіз бар ма?

– Бар, әрине. Бірақ мен бірден айтайын, бұл тұжырыммен келіспеймін. Ницше үшін өз дәуірінде бұл өзекті-ақ болған шығар, бірақ қазір біздің заманда, құндылық түсінігі өзгерген кезде Құдайды өлтіру қиын. Себебі Ол адамзатқа, как никогда, қажет.

– Хммм… Бірақ Құдай бізге керек біраз дүниені болдыртпай отыр емес пе?! Басқа емес, бүгінгі жағдайды-ақ алайық. Жақсы, қазір көндірейік, бірақ бұл Сіз айтқан адами және Құдай сүйер қылықтарға жат қой?! Тіпті, санадан тыс, жақсы қорғалған жекелеген мораль иесі ретінде менің болмысым қабылдай алмайды Сіз айтқан ұсынысты. Олай болса, адам Құдайдан тәуелсіз, жеке өзі қандай бір қадамдарға бара алады дегенге келісесіз ғой?

– Түсінемін, қабылдау қиын. Герменевтика маманы ретінде Сіздің менің сөздерімді дұрыс анықтағаныңызға шүбәланбаймын. Алайда дәл осы Сіз айтқан соңғы сөзбен келіспеймін. Бізге белгісіз базбір сакраментальді сезімдердің әсері болар, бірақ білерім мынау – біздің істеген әр ісіміз Жаратушыға аян.

– «Құдайсыз қурай да сынбайды» демекшісіз ғой…

– Дәл солай.

– Бірақ, мені айтпағым басқа-ды. Құдайға Сіз бен біздің қылығымыз белгілі екенін мойындадым делік. Бірақ пенденің қандай да бір қадамға баруына кім жауапты. Құдай ма, әлде адам ба?

– Әрине, адам. Құндылықтарды анықтайтын да – адам. Бірақ оны оу баста белгілі бір бағытқа салып қойған кім? Құдай ма, қоғам ба? Осы жерін анықтап алу керек. Не болғанда да, адамның иррациональды болмысының қайталанбастығы Құдайға тәуелді. Себебі қай жерде, қандай ортада пайда болуды Сіз немесе мен шешпеймін.

– Яғни, Сіздіңше, Жаратушы бізге керек, алайда ол – тек бақылаушы амплуада да, алаңдағы негізгі ойыншылар – біз ғой?

– Бақылаушы емес, редактор деу керек шығар.

Сейфуллин даңғылының бойындағы «Жаңа заман» шаштаразының алдында тұрған үшеуге арлы-берлі өткен ел қызықтап, таң қалып қарап жатты.
Үшеудің бірі, тапал бойлы, спорт киімін киген толық әйел темекісін тастады да, сары тұқыл тістерін көрсетіп, ыржиып:

– Муахахахаха, жігіттер, өлтіресіңдер! Бағасына келіссеңдер, жүріңдер. Енді қыздарды көрсетейін. Айттым ғой, үш мыңға «ыс», екі жарым мыңға «без», – деді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG