Accessibility links

Министр Қазыханов: Назарбаев ертең Астанада болады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 20 сәуір. 2011 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 20 сәуір. 2011 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 21 шілдеде өз жұмысына кіріседі. Бұл туралы Берлинде Германия сыртқы істер министрімен кездесуден кейін журналистер сұрағына жауап берген Қазақстан сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов мәлімдеді.

Оның айтуынша, президент Назарбаев қысқа мерзімді демалыста жүр. Ертең ол Қазақстандағы кеңсесінде болады деді министр.

Осыған дейін Назарбаевтың қуық безіне операция жасалғаны туралы РИА Новости ақпарат агенттігі германиялық Бильд басылымына сілтеме жасап хабарлаған.

71 жастағы президент Нұрсұлтан Назарбаев Гамбург-Эппендорф медициналық орталығының ауруханасында дәрігерлік тексеруден өткені туралы сейсенбі күні германиялық басылым жазған болатын. Гамбург-Эппендорф емханасының өкілдері бұл жайтқа байланысты пікір білдіруден бас тартты.

Ақорда мемлекет басшысының қысқа мерзімді демалыста екенін жазғанымен, оның ауруханаға жату жоспары барын айтпаған.
XS
SM
MD
LG