Accessibility links

Өзбекстандағы зілзаладан 13 адам құрбан болды


Зілзаладан қираған үйлердің бірі. Өзбекстан. Ферғана облысы. 20 шілде 2011 жыл.
Зілзаладан қираған үйлердің бірі. Өзбекстан. Ферғана облысы. 20 шілде 2011 жыл.
Өзбекстанда шілденің 20-ына қараған түнгі зілзаладан 13 адамның қаза тапқаны белгілі болды. Бұл турасында Өзбекстан төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Жер сілкінісінен Ферғана облысындағы ескі үйлер қираған. Қаза тапқандардан басқа 86 адам әртүрлі дәрежеде жараланған.

Ташкент сейсмикалық бекетінің мәліметінше, зілзала кіндігі Ташкенттен 235 шақырым жерде Қырғызстан шекарасында болған. Зілзала кіндігіндегі жер сілкінісі қуаты 6,5 - 7 баллға жеткен.

Ал Қырғызстан төтенше жағдай министрлігі Баткен облысындағы зілзаланың күші 7-8 баллға жеткенін хабарлады. Бірақ Қырғызстанда адам шығыны болмаған. Баткен облысында 83 үй-жай қираған.

Жер сілкінісі Қазақстан оңтүстігінде де сезілді.
XS
SM
MD
LG