Accessibility links

Сирия АҚШ және Франция елшілеріне Дамаскіден шығуға тыйым салды


Сирия АҚШ және Франция елшілеріне Дамаскіден сыртқа шығуға тыйым салды. Елшілер рұқсатсыз қаладан 25 шақырымнан әріге шыға алмайды.

Сәрсенбі күні Сирия сыртқы істер министрі Уәлид әл-Муаллем осы тыйым бұзылатын болса, барлық дипломаттар елден шығарылатынын айтты.

Екі апта бұрын Америка және Франция елшілері төрт айдан бері билікке қарсы наразылық шарасын өткізіп жатқан Сирия солтүстігіне барған еді.

Ал АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Хайд Бронке Фультон "Сирия үкіметі өз аумағына шетелдік журналистерді, құқыққорғаушыларды, қайырымдылық қызметкерлерін жібермегендіктен, елшілерге елді аралап, жағдайды бақылауға рұқсат берілуі керек" деді.

Сириядағы белсенділердің айтуынша, наразылық шарасы барысында қаза тапқандардың саны 1600-ге жеткен. Оның көбі - бейбіт шерушілер.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG