Accessibility links

Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшағын атып түсірген мәлімдеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Иран мемлекеттік телеарнасы сәрсенбі, 20 шілде күні Иран революциялық гвардиясы бөлімшесі "Форду" ядролық нысаны маңындағы Кум қаласында америкалық ұшқышсыз тыңшы ұшақты атып түсірді деп хабарлады.

"Жас журналистер клубы" ол ұшақтың дерек жинап жүргенін айтады ел парламенті депутаты Али Адхазаде Дафсариге сілтеме жасай отырып. Басқа мемлекеттік ақпарат құралдарында ондай хабар жарияланбады. Иран үкіметі мен әскери шенеуніктер ештеңе айтпады.

Иран жуықта уранды байыту процесін жеделдететін жетілдірілген жаңа центрифуга орнатқанын хабарлаған. Тегеран "ядролық бағдарламаларың ядролық қару жасауға бағытталған" деген Батыстың айыбын жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG