Accessibility links

Германияда Рудольф Гестің сүйегі эксгумацияланды


Антифашистік шеру. (Көрнекі сурет)
Антифашистік шеру. (Көрнекі сурет)
Германияда нацистік партия мен Үшінші рейх жетекшілерінің бірі Рудольф Гестің сүйегі қазып алынды.

Sueddeutsche Zeitung газетінің хабарлауынша, Баварияның Вюнзидель қаласындағы зираты қиратылып, күлі туыстарының келісімімен теңізге шашылады.

Жергілікті лютеран шіркеуі Гестің зираты соңғы кездері неонацистердің жиналатын орынына айналып бара жатыр деп, зиратты жалға беру мерзімін ұзартпай қойған.

Рудольф Гесс 1946 жылы Нюрнберг трибуналында әскери қылмыскер деп танылып, өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген. Ол 1987 жылы Берлиндегі Шпандау түрмесінде өзін-өзі өлтірді.
XS
SM
MD
LG