Accessibility links

11 қыркүйектегі терактінің кегін алмақ болған америкалық жазаланды


АҚШ-тағы Дүниежүзілік сауда орталығына жасалған терактілік шабуыл. Нью-Йорк, 11 қыркүйек 2001 жыл.

АҚШ-тағы Дүниежүзілік сауда орталығына жасалған терактілік шабуыл. Нью-Йорк, 11 қыркүйек 2001 жыл.

АҚШ-тың Техас штатында адам өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген 49 жастағы Марк Строман дәрі салу арқылы өмірден оздырылды.

Марк Строман 2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактінің кегін алдым деп, сауда орталықтарының бірінде оқ жаудырған. Болжам бойынша, ол Таяу Шығыстан келген адамдарды көздеген. Бірақ қаза тапқан екі адам мен жараланған бір кісі - бәрі де Оңтүстік Азияның тумалары болған.

Аман қалған жалғыз адам Райс Буйан мұсылман қағидасы бойынша қылмыскерге кешірім жариялауын өтініп, жазалардан бұрын апелляция берген еді.
XS
SM
MD
LG