Accessibility links

Грекияға беретін қаржылай көмек мөлшері анықталды


Солдан оңға қарай: Грекия премьер-министрі Георгиос Папандреу, Еуропа одағының басшысы Херман Ван Ромпей, Еуропа комиссиясы президенті Жозе Мануэл Баррозу. Брюссель, 21 шілде 2011 жыл.
Солдан оңға қарай: Грекия премьер-министрі Георгиос Папандреу, Еуропа одағының басшысы Херман Ван Ромпей, Еуропа комиссиясы президенті Жозе Мануэл Баррозу. Брюссель, 21 шілде 2011 жыл.
Бейсенбі, 21 шілде күні Брюссельде еуро аймағы елдері басшыларының төтенше кездесуі аяқталды. Мұнда Грекияға берер қаржылық көмектің екінші кезеңі талқыланған.

Грекияға 109 миллиард еуро көлемінде халықаралық көмек көрсетілетін болды. Бұған қоса банктер мен жеке инвесторлар 50 миллиард еуро береді.

"Біздің бұл шешіміміз қаржы қорымыз мен ортақ валютамызды міз бақпай қорғайтынымызды дәлелдейді" деді Еуропа одағының басшысы Херман Ван Ромпей.

Бұл кездесуде Еуропа қорына дағдарыс болдырмау мақсатында еуро аймағы елдерінің ісіне араласатын құқық берілді.
XS
SM
MD
LG