Accessibility links

Муаммар Каддафи көтерілісшілермен мәмілеге келмейтінін мәлімдеді


Ливия президенті Муаммар Каддафи. 30 тамыз 2010 жыл.

Ливия президенті Муаммар Каддафи. 30 тамыз 2010 жыл.

Ливияны 41 жылдан бері басқарып келе жатқан Муаммар Каддафи өзін қызметтен кетірмек болып жүрген көтерілісшілермен келіссөз өткізу ықтималдығын жоққа шығарды.

Каддафидің сөзі өзі туған Сирт қаласында жалпыхалықтық шеру кезінде радиодан берілді.

Франция "Каддафи биліктен бас тартса, Ливияда қалуына болады" деген еді.

Вашингтонның пікірінше, Каддафи елден кетуі керек, бірақ ақырғы үкімді ливиялықтар айтады.

Ал Африка одағы қарсыластар атысты тоқтату жөнінде келіссөз өткізуі керек дегенді қолдайды.
XS
SM
MD
LG