Accessibility links

Хакерлер НАТО-ның серверін бұзды


Компьютерлік код. (Көрнекі сурет)

Компьютерлік код. (Көрнекі сурет)

Anonymous тобының хакерлері бейсенбі, 21 шілде күні НАТО серверлерін бұзғандарын мәлімдеді.

Олар интернетке НАТО-ныкі деп екі ресми құжат жариялады. "Бұдан басқа да көптеген құпия құжаттар бар, оларды жуықта жариялаймыз" дейді хакерлер.

Немістің DPA жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, НАТО өкілдері хакерлердің ісін айыптайды.

Anonymous тобының мүшелері бұған дейін компьютер желілерін бұзды деген айыппен Ұлыбританияда, Голландияда, АҚШ-та ұсталған еді.
XS
SM
MD
LG