Accessibility links

Горан Хаджич Гаагаға экстрадицияланды


Горан Хаджич Нови Садтағы үйіне келді. Сербия, 22 шілде 2011 жыл.

Горан Хаджич Нови Садтағы үйіне келді. Сербия, 22 шілде 2011 жыл.

Бұрынғы Югославиядағы әскери қылмыстарға қатысты айыптылардың соңғысы Горан Хаджич Сербиядан жұма, 22 шілде күні әкетілді. Ол таяу арада Гаагадағы Халықаралық сотқа тартылады деп хабарлады Сербияның әділет министрі Снежана Малович. Ол Горан Хаджичті Гаағаға бүгін экстрадициялайтын ресми ордерге қол қойғанын растады.

Горан Хаджич бұған дейін полициямен бірге бұрын өзі тұрған үйіне барып, науқас анасы мен туыстарын көріп қайтқан.

Бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық трибунал биыл 20 шілдеде тұтқындалған Горан Хаджичке 1991-1995 жылдардағы Хорват соғысына байланысты 14 бап бойынша айып тағады. Хаджичтің адамзатқа қарсы қылмыстарының қатарында Вуковар қаласын қиратқан соң хорваттың 200 әскери тұтқынын өлтірткені де бар.
XS
SM
MD
LG