Accessibility links

Египетте Қорғаныс министрлігіне қарсы шеру болды


Қаирдің Тахрир алаңына жиналған шерушілер. 22 шілде. 2011 жыл.

Қаирдің Тахрир алаңына жиналған шерушілер. 22 шілде. 2011 жыл.

Египет астанасында бірнеше мыңдаған адам Қорғаныс министрлігі алдында шеру өткізбекші болды. Ассошейтед пресс агенттігі жұма күні кешкісін әскери көліктер мен жүздеген жасақ олардың жолына кедергі жасады деп хабарлады.

Бұл наразылық шеруіне Александрия мен Суэц қалаларында полиция мен шерушілер арасында қақтығыс болды деген хабарлар түрткі болып, әскери кеңес ондай ақпаратты жоққа шығарды.

Көптеген шерушілер әскерилерге сенімдерін жоғалтқандарын айтып, ақпан айында халықты күшпен басқан бұрынғы режим өкілдерін сотқа тартуды талап етеді.
XS
SM
MD
LG