Accessibility links

Грузияда ұсталған фотографтарға шартты жаза мерзімі берілді


Тбилисидегі сот үйі алдында полиция қызметкері фотографқа қарап тұр. 22 шілде. 2011
Тбилисидегі сот үйі алдында полиция қызметкері фотографқа қарап тұр. 22 шілде. 2011
Грузин соты Ресейге тыңшылық жасады деген айыппен ұсталған 4 фотографқа 3 жылға дейінгі шартты жаза мерзімін беріп, босатты.

Осының алдында Грузия прокуратурасы күдіктілер өз кінәларын мойнына алып, елдің ұлттық қауіпсіздігі үшін маңызды ақпарат берді деп айтқан.

Ол төртеуі осы айдың басында ұсталған, олардың қатарында президент Михаил Саакашвили мен Сыртқы істер министрлігінің жеке фотографтары да бар.
XS
SM
MD
LG