Accessibility links

Ресей Норвегиядағы шабуылдарды айыптады


Норвегия астанасындағы үкіметтік үйлерге шабуылдан жараланғандар. 22 шілде. 2011

Норвегия астанасындағы үкіметтік үйлерге шабуылдан жараланғандар. 22 шілде. 2011

Ресей президенті Дмитрий Медведев Норвегияда 91 адамның өмірін қиған екі бірдей шабуылды "сұмдық шабуылдар" деп айыптады.

Норвегия премьер-министріне жолдаған көңіл айту хатында Медведев,"біз бұл ақтауға болмайтын сұм қылмыстарды айыптаймыз" делінген.

Жұма күні Норвегияның Утоя аралында Еңбек партиясы ұйымдастырған жастардың еңбек лагеріндегі атыстан 84 адам қаза тапса, Ослодағы үкіметтік мекемелер орналасқан аймақта болған жарылыс тағы 7 кісінің өмірін қиды.
XS
SM
MD
LG