Accessibility links

Түркия: Израиль рейд үшін кешірім сұрамаса байланыс орнамайды


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған. 30 маусым. 2011 жыл.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған. 30 маусым. 2011 жыл.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Израиль 2010 жылдың мамырында Газаға бара жатқан түркиялық кемеге рейд жасағаны үшін кешірім сұрағанша, бұл елмен қарым-қатынас түзеледі деп ойламайтынын айтты.

Бұл туралы Ердоған Стамбулда Палестина елшілерімен кездесу кезінде айтып, Израиль Түркиядан кешірім сұрап, Газада қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төлемейінше, байланыстар қалпына келеді деп ойлау ақылға сыймайды деді.

Өткен жылы Израиль әскерінің Газаға көмек апара жатқан кемеге жасаған рейді кезінде 9 түрік қаза тапқан болатын. Израиль үкіметі бұл оқиға үшін өкініш білдіруге дайын екенін айтқанымен, кешірім немесе өтемақы төлеуден бас тартатынын алға тартқан.
XS
SM
MD
LG