Accessibility links

Армения мен Түркия сауда келісіміне қол қойды


Түркиядағы бейбітшілік пен достық монументі.

Түркиядағы бейбітшілік пен достық монументі.

Ереванда кездескен Түркия мен Арменияның бизнес өкілдері екі елдің өшпенділік қарым-қатынасына қарамастан, өзара сауда және туризмді дамыту жөніндегі келісімге қол қойды.

Армения кәсіпкерлерінің өкілі Арсен Ғазарян егер екі елдің шекарасы ашылатын болса, экономикалық ынтымақтастықты күшейту мүмкіндіктері бар деді.

Екі көрші елдің арасындағы тікелей жол жабық болса да, екіжақты сауда айналымы жылына 250 миллион долларды құрап отыр.

Армения мен Түркия қарым-қатынасы Осман империясы кезіндегі қырғынға байланысты нашарлаған. Ереван Анкараның ол қырғынды геноцид деп танығанын қалайды.
XS
SM
MD
LG