Accessibility links

Норвегия баспасөзі шабуылдаушының атын жариялады


Құтқарушылар жарылыстан жараланғандарды жедел жәрдемге жеткізіп жатыр.

Құтқарушылар жарылыстан жараланғандарды жедел жәрдемге жеткізіп жатыр.

Норвегияда жұма күні 91 адамның өмірін қиған екі бірдей террорлық шабуылды жасады деген күдіктінің аты жарияланды. Норвегияның ұлттық NRK арнасы оның атын Андерс Бехринг Брейвик деп атады. Бірақ полиция күдікті жайлы мәлімет беруден бас тартып отыр.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, 84 адам Еңбек партиясы ұйымдастырған Утоя аралындағы жастардың еңбек лагеріндегі атыстан қаза тауып, оның алдында бірер сағат бұрын ел астанасы Ослодағы премьер-министр кеңсесінің сыртында болған жарылыс жеті адамның өмірін қиды.

Оқиға орнында болғандардың айтуынша, шабуылдаушы полиция сияқты адамдарды бір жерге шоғырландырып жинап алып, сосын атқылаған. Бұл елдің теларнасы күдікке ілінген адамның экстремистік топқа қатысты бар екенін жазып жатыр.
XS
SM
MD
LG