Accessibility links

Ливия астанасының орталығы НАТО-ның әуе шабуылының астында қалды. Ассошейтед пресс агенттігі жарылыстар Муаммар Каддафидің резиденциясы маңынан естілді деп хабарлады.

Рейтерс агенттігі бұл НАТО-ның Триполиге берілген ауыр соққысы болды деді. Адам шығыны мен зардаптар туралы мәліметтер түспеді.

Батыстың бұл әскери операциясы Ливия үкіметінің өкілі АҚШ ресми өкілдерімен көбірек келіссөздерге дайынбыз деп мәлімдегенінен кейінгі Триполиге қарсы жасалған әрекет болып отыр.
XS
SM
MD
LG