Accessibility links

Вьетнам астанасындағы Қытайға қарсы шеруге 200-дей кісі қатысып, Оңтүстік теңіз аймағында Қытайдың болуына қоғамдық наразылық танытты.

Ханойдағы бүгінгі наразылық шарасы - соңғы ай бойы Бейжіңнен Вьетнам аймағынан кетуді талап еткен шерулердің жалғасы болып отыр. Полиция соңғы апталарда шерушілерді күшпен басуға тырысып, кейбірін соққыға жыққан.

Оңтүстік Қытай теңізінің табиғи ресурстарға бай бөлігіне Вьетнамдар, Филиппиндер мен Қытайлар таласып келеді. Сенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бұл даулы аймақта шекаралық суларды анықтайтын карта құруға шақырды.

Қытай өткен аптада Азия елдерінің оңтүстік-шығыс қауымдастығының кездесуінде, бұл аймақта карта құратын бастапқы жоспармен келіскен еді.
XS
SM
MD
LG