Accessibility links

Латвиялықтар олигархтармен күресу үшін парламенттің тарағанын қолдады


Дауыс беріп шыққан латвиялық. Рига қаласы.
Дауыс беріп шыққан латвиялық. Рига қаласы.
Латвия сайлаушыларының басым бөлігі елдегі қаржы алпауыттарымен күресу үшін парламентті таратуды қолдап дауыс берген. Сенбі күнгі референдум дауыстарының үштен-екісі саналып біткен.

Орталық сайлау комиссиясы дауыс берушілердің 95 пайызға жуығы парламентті таратуды қолдады деді. Бұдан кейін Латвияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді. Соңғы парламент сайлауы өткеніне бір жылда толмаған.

Бұл референдум олигарх ретінде танылған қаржы алпауыттары депутаттарға тым қатты ықпал етіп отыр деген алаңдаушылықтан кейін өткен.
XS
SM
MD
LG