Accessibility links

Кубада химиотерапия алған Чавес Венесуэлаға оралды


Венесуэла президенті Уго Чавес халыққа жолдау жасап тұр. 30 маусым. 2011

Венесуэла президенті Уго Чавес халыққа жолдау жасап тұр. 30 маусым. 2011

Венесуэла президенті Уго Чавес қатерлі ісік ауруына Кубадан химиотерапия қабылдап, үйіне қайтты. Жергілікті телеарналар 56 жастағы Чавестің Кубадан оралған кезін көрсетті. Ол өзінің жағдайы ем алғаннан кейін жақсарып қалғанын айтқан.

Уго Чавeстің айтуынша, дәрігерлер оның денесінен басқа қатерлі ісік белгілерін таппаған. Ол маусым айында Кубада қатерлі ісікке операция жасатып қайтқан еді. Оның дерті қандай ісік әрі қай жерінде екені айтылған жоқ.

Уго Чавес 1999 жылдан бері Венесуэланы басқарып келеді. Ол тағы 2012 жылы президент сайлауына да түспекші.
XS
SM
MD
LG