Accessibility links

Германия Ливия көтерілісшілеріне 100 миллион еуро бөлді


Ливиялық әйел көтерілісшілерге тамақ дайындап жатыр. Мисурата. 18 шілде. 2011

Ливиялық әйел көтерілісшілерге тамақ дайындап жатыр. Мисурата. 18 шілде. 2011

Бүгін Германия Ливия оппозициясына қайырымдылық көмек ретінде 100 миллион еуро бөлгенін хабарлады.

Германия сыртқы істер министрі Гюдо Вестервелле бұл қаржы Ливияны қайта құруға, медициналық көмектерден бастап, азық-түлікке дейінгі қажеттіліктерді өтеуге бөлінді деді.

Бұл тұста Ливия астанасы Триполиді НАТО әуеден атқылап, Муаммар Каддафи нысандарына соққы берді.

Германия Ливияға әуеден соққы беріп жатқан НАТО миссиясына қатысып отырған жоқ. Және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ливиядағы жағдайға әскери араласу мәселесіне даусын бермеген.
XS
SM
MD
LG